Ұсталған браконьерлер арасында «Охотзоопром» қорықшылары бар болып шықты - Қазақстан жаңалықтары
28.03.2019
15:49
0
0

Ақмола мен Қарағанды облысында Қорғалжын қорығында ақбөкендерді атқан браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды КТК.
Ұсталғандар ішінде "Охотзоопром" қорықшылары бар болып шықты.
Күдіктілер туралы әлі де ешқандай ақпарат жоқ. ІІМ-де олардың саны жөнінде де ешнәрсе айтқан жоқ.
Үйді тінту барысында ақбөкендердің мүйізі мен қару табылды. Даладан мүйізсіз ақбөкендердің терісі табылды.
Полициядағылар Қызыл кітапқа енген жүздеген аңның көзі жойылғанын айтты.
Браконьерлерге 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі не 10 млн теңге айыппұл төлеу жазасы төніп тұр.
"Ақбөкендерді жаппай атуға күдіктенуімен полиция қызметкерлері, оның ішінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Охотзоопром» РМК инспекторы ұсталды", - дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ