Түркістанда рельстен шығып кеткен сегіз вагон өртке оранды

0

Түркістан облысының Түлкібас ауданында рельстен шығып кеткен сегіз жабық вагонның өртенгенін Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Вагонда бүйіріне аударылып, жоғары вольтты электр желісіне зақым келтірді, бұл қураған жерлердің өртенуіне әкелді», — делінген сейсенбі күнгі хабарламада.

Оқиға орнына келген құтқарушылар 150 ш. м. алаңда өртті жойды.

Зардап шеккендер жоқ деп хабарланды. Бірақ бірқатар пойыздар өз уақытысынан кешігеді. Жолаушыларды тамақ және сумен қамтамасыз етпек.