Тұңғыш Президент күніне орай әлеуметтік көмек кімдерге беріледі
Астана, BAQ.KZ. Астанада Тұңғыш Президент күні қарсаңында халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жататын тұрғындарға әлеуметтік төлемдер беріледі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, бұл санатқа жан басына шаққандағы орташа табыстары кедейлік шегінен төмен азаматтар кіреді. Ол күнкөріс минимумының 50 %-ын құрайды.
Астана қаласының Алматы аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімінің басшысы Инна Филаретованың айтуынша, елордадағы кедейлік шегі — 16 497 теңге. Жағдайы осы деңгейден төмен адамдар жан басына шаққандағы орташа табыс пен кедейлік шегінің айырмасы көлемінде отбасының әр мүшесіне төленетін қосымша төлемді алуға құқы бар.
Атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға арналған әлеуметтік жәрдемақының мөлшері 4,5 АЕК құрайды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ