Суретті зиратқа тастап дуа жасайтындар көбейді (Видео)

0

Елордадағы зираттардың бірінен дуаның белгілері бар сурет табылды, деп хабарлайды kznews.kz сайты «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

Жастар бейнеленген фотоға 7 жерден ине қадалған. Онымен қоса жұпты сиқырлаған адам оқиға орнына пышақ қалдырып кеткен. Бұл заттарды әкесінің бейітін тазалауға келген қала тұрғындары тауып алыпты. Дін өкілдері бұл жәйтте қара дуа белгілері барын айтады. Ал, көріпкелдердің сөзінше, соңғы уақытта мұндай жаға ұстатарлық дүниелер көбейіп кеткен. Бұған не себеп? Дуа адамға қалай әсер етеді?