Өзіміздің өндіріс шикізат шынжырын үзе ала ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Кешірім сұраймын”: Сабыржан асаба 33 жыл бойы малшы болған қарияға 10 жылқы сыйлады

“Кешірім сұраймын”: Сабыржан асаба 33 жыл бойы малшы болған қарияға 10 жылқы сыйлады
Фото: ашық дереккөз

Танымал асаба Сабыржан Түзелбаев 33 жыл бойы жылқы бағып, кейін қоғамда кеңінен талқыланған іске байланысты ақталған қария Рахат Сәрсеновке жылқы сыйлайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Асаба өз шешімі жөнінде әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, қарияға қолдау білдіргісі келетінін жеткізді. Оның айтуынша, сыйлық жуық арада иесіне табысталады.

«Аз да болса көптей көріңіз, аға. Бұйырса, жақын арада жеткізіп беремін. Бәріміз пендеміз, періште көкте ғана. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Қазақ елі, қателігім болса, кешірім сұраймын», – деп жазды Сабыржан Түзелбаев.

Айта кетейік, соңғы күндері асабаның есімі әлеуметтік желілерде жиі талқыланып жатыр. Бұған оның тойлардың бірінде айтқан әзілдері мен қонақтарға қарата сөйлеген сөздері себеп болған.

Желіде тараған бейнежазбаларда асабаның түрлі мамандық иелеріне қатысты айтқан қалжыңдары көпшіліктің сынына ұшырады. Атап айтқанда, ол өрт сөндірушіге қарата «Өрттің көп болсын» деп әзілдеген. Сондай-ақ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мен базарда қауын-қарбыз сататынын айтқан қонаққа байланысты айтқан сөздері де әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланды.

Көпшілік мұндай әзілдердің орынсыз екенін айтып, адамның кәсібі мен еңбегін келемеждеуге болмайтынын алға тартты. Осыған байланысты Сабыржан Түзелбаевтың әрекеті қоғамда әртүрлі пікір туғызды.

Осы жағдайдан кейін асаба Рахат Сәрсеновке жылқы сыйлайтынын жариялап, көпшілікке үндеу жасап, жұрттан түсіністік пен кешірім сұрады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.