Өзіміздің өндіріс шикізат шынжырын үзе ала ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Басқалары да заңды білмейді ғой. Неге әртіс депутат бола алмайды?”: Баян Алагөзова әртістерді сынағандарға қарсы шықты

“Басқалары да заңды білмейді ғой. Неге әртіс депутат бола алмайды?”: Баян Алагөзова әртістерді сынағандарға қарсы шықты
Фото: Баян Алагузова/Instagram

Продюсер Баян Алагөзова өнер адамдарының мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне қатысты қоғамда өрбіген пікірталасқа өз көзқарасын білдіріп, сынға ұшырап жүрген әріптесін қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында кез келген қызметке адамның мамандығынан бұрын оның білімі, тәжірибесі, кәсіби біліктілігі мен еңбекқорлығы маңызды екенін атап өтті. Оның пікірінше, белгілі бір саланың өкілі болғаны үшін азаматтарды мемлекеттік қызметтен шеттету дұрыс емес.

Продюсер заңгерлердің, дәрігерлердің немесе мұғалімдердің депутат болуына ешкім күмән келтірмейтінін айтып, дәл осындай мүмкіндік өнер адамдарына да берілуі тиіс екенін жеткізді.

«Заңгер, мұғалім, дәрігер депутат бола алады да, әртіс неге депутат бола алмайды? Басқалардан заңды немесе бюджеттің қалай бөлінетінін сұрамаймыз ғой. Неліктен мұндай талап тек мәдениет саласының өкілдеріне қойылады?» – деп жазды Баян Алагөзова.

Сондай-ақ ол қолдау білдіріп отырған әріптесінің жетістікке ешкімнің көмегінсіз, өз еңбегі мен табандылығының арқасында жеткенін атап өтті. Продюсердің сөзінше, қазіргі таңда қоғамдағы сын-пікір оған ауыр тиіп жүргенімен, ол мұндай қысымға лайық емес.

«Қазір оған өте қиын. Көпшіліктің сыны жанына батып жүр. Мен оны қолдағым келеді. Ол – бұл құрметке де, сенімге де лайық адам», – деді продюсер.

Осылайша Баян Алагөзова қоғамда қызу талқыланып жатқан өнер адамдарының саясат пен мемлекеттік басқару жүйесіне араласуы мәселесіне қатысты өз ұстанымын білдіріп, шығармашылық саласының өкілдерін олардың мамандығына қарап емес, кәсіби қабілеті мен атқарған еңбегіне қарай бағалау қажет екенін айтты

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.