Инвестиция рейтингі: еліміздің тартымдылығы 17 пайызға жоғарылады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әнші Мөлдір Әуелбекова құқық бұзушылық бойынша жауапқа тартылды

Әнші Мөлдір Әуелбекова құқық бұзушылық бойынша жауапқа тартылды
Instagram.com / moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбековаға қатысты әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға байланысты Ішкі істер министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды kznews.kz Sn.kz ақпарат порталы.

ІІМ мәліметінше, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде жол қозғалысы ережелерінің бұзылғанын көрсететін бейнематериал анықталған.

Тексеру нәтижесінде 38 жастағы жүргізушінің көлік басқару кезінде қауіпсіздік белдігін тақпағаны және қозғалыс барысында ұялы телефон қолданғаны белгілі болды. Бұдан бөлек, көліктегі жолаушылардың да қауіпсіздік белдігін пайдаланбағаны анықталған.

Оқиғаға қатысты патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтап, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес бірнеше әкімшілік хаттама рәсімдеді. Қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушылар да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ІІМ азаматтарды жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Министрлік көлік жүргізушілері мен жолаушыларға қауіпсіздік белдігін тағуды, рөлде келе жатқанда ұялы телефон пайдаланбауды және жол қозғалысы ережелерін бұзбауды ескертті.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер