Инвестиция рейтингі: еліміздің тартымдылығы 17 пайызға жоғарылады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Кәсіпкер Нұрхан Нұрмаханбет Жанар Айжанова мен Салтанат Бақаеваға тосын сый жасады

Кәсіпкер Нұрхан Нұрмаханбет Жанар Айжанова мен Салтанат Бақаеваға тосын сый жасады
Фото: видеодан скриншот

Кәсіпкер әрі блогер Нұрхан Нұрмаханбет қазақ эстрадасының танымал әншілері Жанар Айжанова мен Салтанат Бақаеваға ерекше сый жасап, көпшіліктің ықыласына ие болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Кәсіпкердің айтуынша, бұл тосынсый – оның кәсіп жолының алғашқы кезеңінде өзіне қолдау көрсеткен өнер иелеріне деген алғысының белгісі. Ол кезінде Жанар Айжанова мен Салтанат Бақаеваның сенім білдіріп, кәсібіне қолдау жасауы үлкен мотивация болғанын атап өтті.

Нұрхан Нұрмаханбет жақсылықты ұмытпау – адамдық парыз екенін айтып, қиын кезеңде жанынан табылған жандарға ризашылығын сөзбен ғана емес, іспен де көрсеткісі келгенін жеткізді.

Өнер иелеріне табысталған бағалы сый-сияпат олардың көңілін толқытып, әсерлі сәттің видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Желі қолданушылары кәсіпкердің бұл әрекетін жоғары бағалап, қолдау көрсеткен адамдарға алғыс білдірудің жарқын үлгісі екенін атап өтті.

Көпшілік пікірінде мұндай құрмет пен ризашылықтың қоғамда ізгілік пен сыйластық құндылықтарын дәріптейтіні айтылып, Нұрхан Нұрмаханбеттің азаматтық ұстанымына оң бағасын берген пікірлер жиі жарияланды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.