Сенатор Талғат Мұсабаев Қазақстан азаматы ма әлде Ресей азаматы ма?

0
1979

Ресейлік азамат Қазақстанда сенатор бола ала ма? Иә, егер ол Талғат Мұсабаев болса …

Ресейдің Украинаға басып кіруі басталғаннан кейін,  көрші елде мобилизация жарияланғаннан бері Қазақстан Кремль саясатын қолдамайтын ресейліктерге пана болды. Кейбіреулер үшін біздің ел уақытша тұрақтау пунктіне, ал басқалары үшін жаңа өмір бастауға мүмкіндік беретін орынға айналды. Сонымен қатар, өткен жылдың соңынан бастап ресейлік пропогандистер түрлі әрекеттерге барып, Қазақстанда ксенофобиялық, антиорыстық көңіл-күйді орнатуға тырысып жатыр. Сонымен Ресейден басқа қай елде Ресей азаматы сенатор бола алады? Әрине, Қазақстанда!

Ресей Федерациясының батыры және Қазақстанның халық батыры, РФ және ҚР Әскери-әуе күштерінің генералы, Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, сондай-ақ Ресей мен Қазақстан азаматы Талғат Амангелдиевич Мұсабаевты қарсы алыңыздар! Талғат Мұсабаевтың Википедиядағы өмірбаянында (ресми өмірбаянында бұл жоқ) оның 2007 жылы Қазақстан азаматтығын алғаны атап өтілген. Біз оның ресейлік төлқұжатынан бас тартпағанынына көзіміз жетті. Мұны анықтауға ресейлік мәліметтер базасы көмектесті. Оның айтуынша, Талғат Мұсабаев 1997 жылы маусымда № 26266 әскери бөлімде (Ю.А. Гагарин атындағы Ғарышкерлерді даярлау орталығы, 2009 жылы жойылды) ол Ресей азаматының құжатын алған. Нөміріне қарасақ, (00ГВ099527) бұл әлі де кеңестік төлқұжат. Сол жылдың қазан айында Ресейде КСРО төлқұжаттарын ауыстыру науқаны басталды. Мұндай паспорт (4600 серия нөмірі 831126) Қазақстанның бас ғарышкеріне 2000 жылдың тамызында табыс етілді.

Сенат сайтындағы ресми өмірбаян картасына сәйкес, 2007 жылғы 10 ақпанда Талғат Мұсабаев ҚР Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы болып, мемлекеттік лауазымды иеленді. Уикипедияда ол 2007 жылы Қазақстан азаматтығын алды деп жазылған. Сондықтан ол екінші азаматтығынан бас тарту керек. Бірақ шын мәнінде солай ма?

Бірнеше күннен кейін, 2007 жылғы 16 ақпанда Талғат Мұсабаев Ресейде 4606 сериялы және 926549 нөмірлі жаңа паспортты рәсімдейді.  Қарапайым бюрократиялық процедура. Бұл төлқұжатты 2016 жылы Талғат Мұсабаев Ресей Федерациясында жаңа жүргізуші куәлігін жасау үшін қолданған. Ресейлік салық жүйесінің ақпаратына сүйенсек, біз 2019 жылғы жағдай бойынша Талғат Мұсабаевтың төлқұжаты әлі де қолданыста болғанын және оның жинақ шотына тіпті тиындар (2500 рубль) түскенін білеміз. РФ ІІМ жанындағы Көші-қон бас басқармасының паспорттарды тексеру жөніндегі сервисі Талғат Мұсабаевтың құжаты жарамсыздар тізімінде жоқ екенін көрсетеді.

2000 жылдың қазан айында Ресей азаматтығын алған ұлы Данияр Мұсабаевтың Ресей паспортымен (4601 сериясы 209253 нөмірі) салыстырып көрсетуге болады. Бұл құжат жарамсыз екен. Алайда, құжат болмаса да, Данияр Ресей Федерациясымен байланысын жоғалтқан жоқ және Воронеждегі жеке секторға тіркелу арқылы сол өлкеде қоныстануға рұқсат алды (Правда көшесі, 4-үй, анық жалған тіркеу). Ал Талғат Мұсабаевтың әйелі Виктория (нөмірі 4601 серия 809552) және олардың қызы Камила (4602 серия нөмірі 919028) ресейлік төлқұжаттарды пайдаланады. Сонымен қатар, өткен жылы Виктория Вальдемаровна Мәскеу клиникасына барған кезде, Ал Камила Талғатқызы автокөлікті сақтандыруды рәсімдеген кезде қолданған.

Қазақстанда жүріп, екінші азаматтықпен қазір ешкімді таңғалдыра алмайсың. Бірақ Талғат Мұсабаев соғыс қимылдары аяқталғанша Мәскеуге бармағаны жақсы болар еді. Дегенмен ол генерал, Ресейдің батыры. Ресми түрде мобилизацияға 65 жасқа дейінгі офицерлер қабылданса да, біз әскери комиссариаттардың жоспарды бұлжытпай орындауға тырысып жатқанын көріп жүрміз. Сондықтан Мұсабаевтың Украинаның тұтқынында болғанша, Сенатта қалғаны әлдеқайда жақсы.

Ақпарат: @off_shores
Фото: inform.kz