Жәнібекке қатысты тың дерек: туған анасы болуы мүмкін әйел табылды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шетелде ұсталған блогер Қайсар Қамза ел алдына шықты

Шетелде ұсталған блогер Қайсар Қамза ел алдына шықты
видеодан скриншот (Tizgin.kz)

Желіде біраз уақыт көрінбей кеткен блогер Қайсар Қамза видео жариялап, өзіне қатысты тараған ақпараттарға жауап берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Оның айтуынша, өзін ешкім ұстамаған және қамауға алынбаған. Блогер қазіргі таңда Вьетнамда жүргенін айтып, тек көші-қон мәселесіне байланысты паспорты уақытша алынғанын жеткізді. Сондай-ақ ол жағдайға түсіністікпен қарап, жақындарына дұғада болуды сұраған.

Айта кетейік, бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі блогердің Вьетнамда ұсталғаны туралы ақпарат таратқан болатын.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Қайсар Қамза әлеуметтік желілерде онлайн-казино жарнамаларын жүйелі түрде жариялап, пайдаланушыларды құмар ойындарға тартқан. Тергеу дерегіне сәйкес, ол бұл әрекеттер арқылы 100 миллион теңгеден астам заңсыз табыс тапқан. Аталған қаражат блогердің атына тіркелген криптовалюта әмияндарына аударылып отырған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер