Әлеуметтік желіде шымкенттік блогер Арай Есенбектің ісіне қатысты жаңа бейнежазба тарады, деп хабарлайды kznews.kz.
Кадрларда мейрамханада әйел адамның ер адамға пакет бергені көрінеді. Бейнежазбада Арай Есенбек: "Ананы сөмкеңе салып қой", – деген сөз айтады.
Жазба авторы Оңғар Қабденнің мәлімдеуінше, бұл кездесуге әкімдік өкілдері келіп, блогердің «үнсіздігі» үшін 10 миллион теңге ұсынған.
– Ақшаны сотта жәбірленуші деп танылған әкімдік қызметкері алып келген. Ол сот барысында әкімнің штаттан тыс кеңесшісі екенін айтқан. Қасында әкімдіктің операторы М. есімді азамат болған, – дейді Оңғар Қабден.
Еске сала кетейік, бұған дейін шымкенттік блогер Арай Есенбек әкімдіктен ақша бопсалау ісі бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Айта кетейік, аталған бейнежазба бойынша ресми органдар тарапынан нақты түсініктеме берілген жоқ.