Қыста қауын-қарбыз сатқан кәсіпкер көпті қызықтырып қойды – новости Казахстана

0
196

Түркістан облысы Жетісай ауданында қыстың күні қауын-қарбыз сатылып жатыр. Кәсіпті жақында ғана қолға алған Бекқали Қалмұратов тауарына сұраныс көп екенін жеткізді. Кәсіпкер қауынды интернет арқылы сатып жатыр деп жазады «Замана» басылымы.

zamana.kz

Фото: zamana.kz

Бекқали Қалмұратовтың негізі кәсібі жұмыртқа сату. Ал қауын-қарбызды ол жуырда ғана сатып бастаған.

Жаңа жыл қарсаңында Өзбекстанға барған ол үйіндегілерге базарлық ретінде қауын алып келген екен. Сөйтіп қарбыздың суретін Instagram парақшасына жүктеген.

zamana.kz

Фото: zamana.kz

Қауынды көрген желі қолданушылары бірден оған қауынды сату жайындағы өтініштер жаза бастаған.

«Қауын алғысы келетіндердің саны артқан соң, Өзбекстанға барып, алып келдім. 50 шақты қауын 10 күнге жетпей өтіп кетті», – деді кәсіпкер.

Қауынның бір данасы екі жарым мың теңгеден басталады екен. Кәсіпкер үстінен көп қоспайтынын, тек жол-пұлдың ақшасын ғана шығаратынын жеткізді.

Қазір ол қауынды Қазақстанның барлық қалаларына жеткізуді қарастырып отыр.