Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалықты жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Өнер иесінің айтуынша, оның жиені шаңырақ көтеріп, әулетке жаңа келін түскен. Әнші жас жұбайларға ақ тілегін арнап, батасын берген.
"Анамның немересі үйленді. Келінді анамның қара шаңырағына әкеліп түсірдік. Құтты келін болсын! Жастар бақытты болсын!" – деп жазды Мақпал Жүнісова.
Әншінің қуанышына желі қолданушылары да ортақтасып, жас отбасыға бақыт, береке және ұзақ ғұмыр тілеген.