Блэкаут: Қырғызстандағы апат Қазақстанның энергетикалық жүйесін істен шығарды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“20 миллион”: Гүлзира Айдарбекованың немересіне берген сыйлығы жұртты таңғалдарды

“20 миллион”: Гүлзира Айдарбекованың немересіне берген сыйлығы жұртты таңғалдарды
Фото: әлеуметтік желіден

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекованың немересі Рәбия-Сұлтанның туған күніне орай жасаған сыйлығы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды kznews.kz.

Продюсер мерекелік күнге орай келіні Жұлдызға бриллиант әшекейлер тарту еткен. Ал немересіне бағалы сыйлықтың орнына қомақты қаржылай тарту жасаған.

Гүлзира Айдарбекова бұл туралы жарияланған видеода: «Мына миллион – қызымыз Рәбияның сыйлығы. Өзі алып береді мамасы», – деп әзілдеген.

Желі қолданушылары продюсердің сыйлығына қызығушылық танытып, оның нақты сомасын болжауға тырысты. Кейбірі тіпті қаржы көлемі бірнеше миллион болуы мүмкін екенін жазған.

«Қанша миллион?», «20 миллион ба?», «Жарайды, Гүлзира, керемет ене екен», «Ақылды ене», «Бізге де жұғысты болсын», – деген пікірлер қалдырды оқырмандар.

Гүлзира Айдарбекованың келіндері мен немерелеріне жасаған сыйлықтары бұған дейін де әлеуметтік желіде назар аударып келген. Мәселен, ол 2025 жылы келініне жылы лебізін арнап, отбасындағы қарым-қатынасы туралы жазба жариялаған болатын.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.