Алматы облысында екі жасар егіз балалары қалған жас әйелдің өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. Марқұмның туыстарының айтуынша, қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын күйеуі оны ұрып-соғып, қолын сындырған, деп хабарлайды kznews.kz.
Бұл туралы көмек сұрап отбасы жүгінген «НемолчиKZ» қоры хабарлады. Марқұмның әпкесінің сөзінше, 23 шілдеде ерлі-зайыптылар арасында жанжал болған. Оның айтуынша, күйеуі әйелін ұрып, аяғымен теуіп, қолын сындырған.
Әйел болған жағдайды жақындарына бірден айтпаған. Туыстарының сөзінше, ол болған оқиғадан ұялып, ата-анасын алаңдатқысы келмеген.
"Қайтыс боларынан бір сағат бұрын әпкем маған осы жағдай туралы айтты. Егіз балаларын басқа әпкеме қалдырып, 2026 жылғы 26 шілдеде өмірімен қоштасты", – делінген марқұмның туысының өтінішінде.
Отбасы істің объективті тергеліп, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталуын сұрап отыр.
«НемолчиKZ» мәліметінше, қазіргі таңда оқиғаның ресми нұсқасы – өз-өзіне қол жұмсау.
Әзірге Алматы облысының полиция департаменті болған жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.