«Әділет» партиясы Павлодарда өндіріс пен цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев жаңа жарлыққа қол қойды: Назарбаевқа қатысты норма құжаттан алынды

Тоқаев жаңа жарлыққа қол қойды: Назарбаевқа қатысты норма құжаттан алынды
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Акорда

Қазақстанның сыртқы саясат тұжырымдамасына бірқатар маңызды өзгеріс енгізілді. Соның ішінде еліміздің Тұңғыш президентіне сыртқы саясаттың аса маңызды мәселелері бойынша халыққа, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға бастама көтеріп үндеу жасау құқығын бекіткен норма құжаттан алынып тасталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан Республикасының 2020-2030 жылдарға арналған сыртқы саясат тұжырымдамасы туралы" 2020 жылғы 6 наурыздағы №280 Жарлыққа өзгерістер енгізу туралы" жаңа жарлығы 2026 жылғы 14 тамызда қабылданған.

Құжат нормативтік-құқықтық актілердің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.

Жаңа редакцияда Қазақстан тәуелсіздік жылдарында халықаралық аренадағы орнын нығайтып, жаһандық және өңірлік мәселелерде сенімді серіктес ретінде қалыптасқаны айтылған. Сондай-ақ елдің көпвекторлы, прагматикалық және белсенді сыртқы саясатты жалғастыратыны көрсетілген.

Тұжырымдамада мемлекеттің, бизнестің және әрбір Қазақстан азаматының мүддесін халықаралық деңгейде қорғауға басымдық беру қажеттігі де атап өтіледі.

Назарбаевқа қатысты қандай норма алынып тасталды?

Құжаттағы ең елеулі өзгерістердің бірі – "Сыртқы саясатты жүзеге асыру құралдары" бөлімінен Тұңғыш президентке қатысты норманың алып тасталуы.

Бұған дейін онда "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Конституциялық заңға сәйкес, Тұңғыш президентке тарихи миссиясына байланысты сыртқы саясаттың аса маңызды мәселелері бойынша Қазақстан халқына, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға бастама көтеріп, үндеу жасау құқығы өмір бойына тиесілі екені жазылған.

Жаңа жарлықпен бұл тармақ тұжырымдамадан алынып тасталды.

Сонымен бірге құжаттағы Парламентке қатысты бұрынғы норма да өзгертілді. Жаңа редакцияда:

"Қазақстан Республикасының Құрылтайы – заң шығару билігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жоғары өкілді органы", – деп көрсетілген.

Бұған дейін бұл жерде Парламенттің жоғары өкілді орган ретінде халықаралық шарттарды ратификациялау және денонсациялау жөніндегі заң шығару қызметін атқаратыны жазылған.

Сыртқы саясаттың негізгі қағидаттары да жаңартылды. Олардың қатарында ел дамуының жаңа кезеңінде сыртқы саяси бағыттың сабақтастығын сақтау, тұрақты, әділетті әрі демократиялық әлемдік тәртіпті қалыптастыруға ықпал ету және Қазақстан азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бар.

Сондай-ақ Қазақстанның сыртқы саясатының стратегиялық мақсаттарының бірі ретінде ел тәуелсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын нығайту және сыртқы саяси бағыттың дербестігін сақтау белгіленген.

Құжатта шетелде жүрген Қазақстан азаматтарының, сондай-ақ шетел азаматтары асырап алған қазақстандық балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты міндеттер де жаңаша жазылған.

Бұдан бөлек, Қазақстанның өңірлік және жаһандық саясат пен экономикаға қатысты ұстанымдары мен бастамаларын халықаралық қоғамдастыққа таныстыру, сондай-ақ елдің сыртқы саясатының міндеттері мен нақты нәтижелерін халыққа жүйелі түсіндіру көзделген.

Жарлық 2026 жылғы 14 тамыздан, яғни қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер