Арыс қаласы маңында орналасқан әскери бөлім аумағында өрт шықты. Оқиға 19-тамыз күні сағат 19:00 шамасында болған.Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.
- Арыс гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің техникалық аумағында құрғақ шөп тұтанған. Өрт кезінде кәдеге жаратуға алдын ала дайындалған оқ-дәрі фрагментінің дүмпу дауысы естілген. Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ, - деді Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Әйгерім Ағылтаева
Көп ұзамай өрт толықтай сөндірілген. Қазір оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр.
Қорғаныс министрлігі жағдай бақылауда екенін хабарлап, азаматтарды әлеуметтік желілерде таралып жатқан расталмаған ақпараттарға сенбеуге және тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырды.