Қызметкерлерге баспана, қауіпсіз еңбек және лайықты жалақы: «Әділет» партиясы әлеуметтік жауапкершілігі бар бизнес құруға шақырады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“4 сағатқа созылды”: МузАРТ әншісі Кенжебек Жанәбіловке жүрегіне ота жасалды

“4 сағатқа созылды”: МузАРТ әншісі Кенжебек Жанәбіловке жүрегіне ота жасалды

«МузАРТ» тобының әншісі Кенжебек Жанәбіловтің денсаулығына қатысты қуанышты жаңалық белгілі болды. Өнер иесі жүрегіне жасалған операциядан кейін дәрігерлердің бақылауында жатыр. Бұл туралы топ мүшесі Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп хабарлайды kznews.kz.

Сәкен Майғазиев әріптесінің бірнеше күн бұрын денсаулығы күрт нашарлап, жүрегіне байланысты ұстама болғанын бұған дейін айтқан еді. Сол кезде әншінің жағдайы біршама тұрақталғанымен, дәрігерлер оның денсаулығына мұқият бақылау қажет екенін жеткізген.

Кейін Кенжебек Жанәбіловке кардиологиялық орталықта хирургиялық ем жасалған. Сәкен Майғазиевтің мәліметінше, операция шамамен төрт сағатқа созылып, сәтті аяқталған.

Өнер иесі әлеуметтік желіде әріптесінің отадан кейінгі суретін жариялап, Кенжебектің жағдайына алаңдап, қолдау көрсеткен барша адамға алғысын білдірді.

«Кенжебекке кеше кардиологиялық орталықта ота жасалып, төрт сағатқа созылған ем-шара сәтті өтті. Алла Тағала шипа берсін. Барша медицина қызметкерлеріне мың рақмет. Қолдарыңыз дерт көрмесін», – деп жазды Сәкен Майғазиев.

Айта кетейік, бұған дейін Кенжебек Жанәбіловтің жүрек-қан тамырларына қатысты сырқатына байланысты ауруханаға түскені хабарланған еді. Сәкен Майғазиев сол кезде әріптесінің жағдайын біліп барып, оның бірнеше ай бойы сахнадан уақытша алыстауы мүмкін екенін айтқан.

Қазір әншінің жанкүйерлері мен өнердегі әріптестері оған жылы лебіздерін жолдап, тезірек сауығып, сахнаға қайта оралуын тілеп жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.