Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова отбасына ауыр қайғы келгенін айтып, туған ағасының дүниеден өткенін жариялады. Өнер иесі қаралы хабарды әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.
Продюсер ағасының қазасын қысқа ғана жазбамен жеткізді.
«Ағатайымнан айырылып қалдым», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Ол марқұмның қайтыс болу себебі мен қашан жерленетіні туралы әзірге қосымша ақпарат берген жоқ.
Бұған дейін продюсер ағасының денсаулығына алаңдап жүргенін әлеуметтік желіде айтқан болатын. Оның сөзінше, ағасы ұзақ уақыт бойы сырқаттанып, соңғы кездері төсек тартып жатқан.
Қаралы хабарды естіген желі қолданушылары Гүлзира Айдарбековаға қолдау білдіріп, көңіл айтты. Оқырмандары марқұмның иманы саламат болып, артында қалған туған-туыстарына сабыр тіледі.