«Құдаша» халық әні — Қытайда да трендке айналды
13.03.2023
10:09
0
0

«Құдаша» халық әні — Қытайда да трендке айналды.
Республикамыздың түкпір-түкпіріндегі орта мектептер мен колледждердегі оқушылардың, жоғары оқу студенттерінің біздің Музыкалық жас көрермен театры артистерінің орындауындағы «Құдаша» әнін - мерекелік кештерде сахналық композиция, флешмоб жасап жатқанын көріп сүйсінсек, бүгін Қытай Халық Республикасының мектеп оқушылары мен студенттерінің арасында да трендке айналған видеолары тарады.
Айта кетейік, «Гауһартас» музыкалық драмасындағы орындалатын әндер - премьера болған күннен бастап көрермен жүрегінің төрінен орын алды.
Әсіресе, халық әні "Құдаша" - айналасы 2-3 аптаның ішінде инстаграм, Tik-Tok секілді әлеуметтік желілерде миллиондаған тыңдарманның назарына түсіп, актуальды туындыға айналып шыға келді.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ