Қазақстандық оқушы халықаралық емтихандарда адам сенгісіз нәтиже көрсетті

0

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Ақназар Қажымұрат ACT (36 балдан — 36) және SAT Subject Test (2400-ден 2400 балл) халықаралық емтихандарынан ең жоғары балды жинады.

«Ақназардың жоғары нəтижелері оған əлемнің үздік университеттерінде оқуға мүмкіндік береді. Зияткерлік мектебінің болашақ түлегі оқуын Гарвардта жалғастыруды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда ол қабылдау комиссиясының шешімін күтуде», — делінген аталған мектептің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар оқушы IELTS халықаралық емтиханынан 8.0 балл жинаған.

Айта кетейік, ACT (Americian College Testing) АҚШ оқушыларының басым көпшілігі жоғары оқу орындарына түсу үшін тапсырады. Беделді оқу орындары ACT -дан 30-36 балл жинаған абитуриенттерді қабылдайды. АҚШ-та тест тапсырғандардың 0.1% ғана барлық 36 сұраққа дұрыс жауап берген. Ал басқа елдерде аталмыш емтиханды 100% мүдірмей өткендер саны саусақпен санарлықтай. ACT-ның орта композиттік балл көрсеткіші — 21,1.

SAT Subject Test – бұл емтихан АҚШ-тағы жоғары оқу орнына түсу үшін тапсырылады. Тест оқушының бес бағыттағы білім деңгейін анықтайды.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ