Қазақстандағы теміржол көліктері мүмкіндігі шектеулі жандардың талаптарына сай ма
2018 жылғы 22 желтоқсан 02:40 288
АСТАНА. ҚазАқпарат — «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының өкілдері компания мен оған қарачты нысандардағы мүмкіндігі шектеулі жандар барлық жағдайлар қарастырылып жатқандығын айтады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, жолаушыларға жайлы жағдай жасау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін ерекше рөл теміржол вокзалдарына берілген.
«Вокзалдарда мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың жайлылығы үшін барлық мүмкіндік жасалған. Астана-1 теміржол вокзалы ғимаратында есік жақтауы кеңейтіліп, арнайы санитарлық желі бар және аталған санаттағы тұлғалар үшін күту залында арнайы пиктограммамен жазылған орындар белгіленген. Пандустар нормативтік талаптарға сәйкес жабдықталған», деп атап көрсетті «ҚТЖ» ҰК» — «Магистральдық желілер дирекциясы» АҚ пайдалану жөніндегі атқарушы директоры Жұбан Көрпебаев.
2018 жылы мүгедектердің арбалары жаңартылып, анықтама бюросында нашар еститін тұрғындар тобы үшін индукциялық панельдер қойылды.
Сондай-ақ шынжырлы көтерме саты мүгедектік арбамен саты арасында аса күш жұмсамай қозғалуға мүмкіндік береді. Мүгедектік арбамен вагонға еркін отыруға мүмкіндік беретін перрондық көтерме орнату жоспарланған. Астана — 1 теміржолы вокзалында барлық эскалаторлар ауыстырылуда. Жаңа эскалаторлар жуық арада пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz