Home Жаңалықтар Қарағандыдағы көпқабатты тұрғын үйде жарылыс болып, бір адам қаза тапты

Қарағандыдағы көпқабатты тұрғын үйде жарылыс болып, бір адам қаза тапты

0
164

Қарағандыда Гоголь көшесіндегі көпқабатты үйде жарылыс болды. Оқиға салдарынан бір адам қаза тапты.

Оқиға 1 маусымда жергілікті уақыт бойынша 19.57-де болған. Куәгерлер бірден құтқарушыларды шақырды. Олар жарылыстың себебі газ баллоны болуы мүмкін екенін айтты.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі жағдайға түсініктеме берді. Ведомствода хабарлағандай, үйде газ-ауа қоспасының жарылысы болған.

«Бес қабатты тұрғын үйдегі екі бөлмелі пәтерде кейіннен жанусыз газ-ауа қоспасының жарылысы орын алды. Оқиға салдарынан үйдің салмақ түсетін конструкциялары бұзылмаған, ішкі аралықтарға зақым келген», – деп хабарлады ведомстводан.

Оқиға орнында құтқарушылар ер адамның денесі тапты. Оның тұлғасы әлі анықталған жоқ. Оқиға орнынан 10 адам эвакуацияланды.