Қаланың емес, даланың емдеу мекемесіне барғандай күй кешесің

0

Қаланың емес, даланың емдеу мекемесіне барғандай күй кешесің

Астана қаласының барлық емханасы жаңа, бас-басында байдың үйіндей «крутой» ғимараттары бар)). Кезінде бəріне жаңасын салып берген кезде неге нөмірі 1-інші емхана ұмыт қалған деймін де). Осы байғұсқа ғана жаңа ғимарат бұйырмапты. Жапан даладағы жалғыз үйдей жұтап тұр. Жүдеу болғаны былай тұрсын, құрақ-құрақ емхана өзі. Терапевт-дəрігерлерінің жартысы Əуезов көшесінде, бір бөлігі Сембинов көшесінде, гинекологтары Республика даңғылында, узкий специалистері Сейфуллин көшесінде…Бітпейтін қырық жамау. Бір дəрігерге көрінемін дегенше бүкіл қаланы шарлап боласың. Менің анам секілді, емханаға айына бірнеше рет баратын егде кісілерге обал..

Əрі дəрігерлердің отырған жері де оңып тұрған жоқ, қуықтай-қуықтай бөлмелер, қаланың емес, даланың емдеу мекемесіне барғандай күй кешесің. Қателеспесем, қаланың 40 мыңдай халқына қызмет көрсетеді. Осынша халықты табанынан тоздырмай, емханаға неге бір дені дұрыс ғимарат бермейді екен? Өзім тіркелген емхана ғой, аяқ астынан жаным ашып… жоғарыдағылардың құлағына жетер деп…жазып жатқаным ғой)

Қымбат Тоқтамұрат

Фейсбуктегі парақшасынан

Көрілген: 254    Пікірлер: 0