Оразалы Сәбден алтын балық ұстап алды (Видео)

0

Әлеуметтік желіде ҚР ҰҒА академигі, Мемлекет сыйлығының лауреаты, экономика ғылымдарының докторы Оразалы Сәбденнің алтын балық ұстап алғае видеосы жарияланды. Қоғам қайраткері «Қазақ халқы осы індеттен тезірек шығып, жақсы даму басталсын» деп алтын балықты суға ағызып жібереді.

Академиктің тілегіне Бүркіт Нұрасыл «Аумин, айтқаныңыз келсін!!!» десе, Есенбек Санатұлы «Осман деген балық. Сары түсін көрмеппін. Негізі шұбарлау болады. Бірақ, Моңғолиядан күміс түстес ағын ұстағанмын» дейді.