Кәрім Мәсімовтың экс-күйеу баласы Азамат Қапенов әлеуметтік желіде өзіне қатысты мәліметтерді жариялап, азаматтығына байланысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды kznews.kz.
Оның айтуынша, ол 2001 жылы Қазақстан азаматтығын алған. 2003 жылдан 2015 жылға дейін «Қазақстан темір жолы» жүйесінде түрлі басшылық қызметтер атқарған. Ал 2015 жылы Ресейге тұрақты тұруға көшкеннен кейін Қазақстан азаматтығынан айырылғанын айтты.
Қапенов бұл деректі растау үшін елшілік берген тиісті құжаттарды да жариялайтынын жеткізді.
Сондай-ақ ол бұрын Қазақстан құжатымен жүрген кезеңде Қырғызстан азаматтығы да болғанын жасырмады. Қос азаматтық мәселесіне қатысты пікір білдірген ол, бұл талаптардың кейін күшейтіліп, цифрландырылғанын атап өтті.
Оның сөзінше, сол уақытта қос азаматтықтың заңға қайшы екенін толық білмеген.