Тарихи сәт: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны сәтті ұшырылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тарихи сәт: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны сәтті ұшырылды

Тарихи сәт: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны сәтті ұшырылды
Фото: ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Байқоңыр ғарыш айлағынан «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешені аясында құрастырылған жаңа буынға жататын «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышының ұшырылымы сәтті жүзеге асты. Бұл туралы ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтей отырып kznews.kz порталы хабарлайды.

Сынақ шеңберінде өткен алғашқы ұшыру барысында зымыранның бірінші және екінші сатылары штаттық режимде жұмыс істеді. Ал габариттік-массалық макет белгіленген траекторияға дәл шығарылды.

Министрлік мәліметінше, бұл қадам Қазақстанның ғарыш қызметтері нарығындағы мүмкіндігін кеңейтуге жол ашатын маңызды кезең болды.

«Бұл сәтті ұшу күрделі инженерлік нысанның толық пайдалануға дайын екенін дәлелдеді. “Бәйтерек” жобасы – еліміздің заманауи ұшыру инфрақұрылымына көшуіне мүмкіндік беретін стратегиялық жетістік», – делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, бұл – жаңа «Союз-5» зымыранының алғашқы ұшырылымы. Ол әлемдегі ең қуатты сұйық отынды зымыран қозғалтқыштарының бірімен жабдықталған. Ұшырылым Байқоңырдағы №45 алаңнан жүзеге асырылды. Бұған дейін бұл алаң «Зенит» зымырандар отбасына арналған болатын.

«Союз-5/Сұңқар» – орта класты, екі сатылы зымыран-тасығыш. Зымыран Жер маңындағы орбитаға 17 тоннаға дейін, ал геостационарлық орбитаға 2,5 тоннаға дейін жүк жеткізе алады.

Айта кету керек, бұл ұшырылым бастапқыда 2025 жылдың соңына жоспарланған еді. Кейін мерзім бірнеше рет өзгертіліп, ақырында 2026 жылдың сәуір айында жүзеге асты.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.