Тарихи сәт: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны сәтті ұшырылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қомақты гонорар: ресейлік стилист Қазақстандағы жұмысы туралы айтты

Қомақты гонорар: ресейлік стилист Қазақстандағы жұмысы туралы айтты
stan.kz коллажы

Ресейлік визажист әрі стилист Роберт Минасян Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаевамен жұмыс істеген кезеңін еске алып, сол қызметі үшін қомақты гонорар алғанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Стилист бұл жайлы өзінің YouTube арнасында жарияланған видеоларының бірінде айтып, оқиға шамамен 2002 жылдары болғанын жеткізді. Оның сөзінше, ол Алматыға Әлия Назарбаеваның туған күніне дайындық жасау үшін арнайы шақырылған.

Минасян Мәскеуден ұшып келіп, Қазақстанда бірнеше күн болғанын айтады.

"Бес күндей сол жерде тұрдым, бәрі еркін әрі жайлы өтті. Күн сайын қыдырып, демалдық. Бір ғана макияж үшін маған шамамен 10 мың доллар төледі", – дейді ол.

Сонымен қатар, стилист Әлия Назарбаеваның Светлана есімді құрбысымен танысқанын да еске алды. Оның айтуынша, бұл әйел алмаз бизнесімен айналысқан және кездесуге қолтырауын терісінен тігілген Hermès Birkin сөмкесімен келген.

Минасян бұл сөмкені алғаш рет сол кезде көргенін айтып, оның бағасы шамамен 50 мың доллар болғанын атап өтті. Оның сөзінше, ол кезеңде Birkin сөмкесі сирек кездесетін әрі жоғары мәртебенің белгісі саналатын аксессуарлардың бірі болған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер