ка

Нұр-Сұлтанда салынып жатқан үйдің қабырғасы құлап түсті (видео)

20.11.2020 10:05
0
4
Bek Argyn есімді Facebook қолданушысы Нұр-Сұлтандағы салынып жатқан үйдің видеосын бөлісті. Кадр сыртындағы дауыс керегенің құлағанын айтады, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі. «Кереге тура жерге құлады. Ешкімнің болмағанына шүкір. Құрылыс құлдырап жатыр», — деді куәгер. Жазба авторының айтуынша, оқиға №7 емхана маңындағы «Жастар» тұрғын үйінде болған. Аталған жазбаға қатысты құрылысшылар пікір білдірді. «Техникалық тексеріс нәтижесінде аталған учаске авариялық болып танылды. Жобаға түзету енгізу барысында учаске керегесін демонтаж-монтаж жүргізіледі. Қазіргі сәтте жоба шешіміне байланысты жұмыстар жүріп жатыр», — деп жазды «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС өкілдері.
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий