ка

Мирзияев Азаттық журналистерін Өзбекстанға шақырды

22.01.2019 15:24
0
1

Берлинде сапармен жүрген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Германияда білім алып, ғылыми жұмыс істеп жүрген өзбек жастарымен кездесті. Германия басшылығымен кездесер алдында Мирзияев өзімен амандасқан Азаттықтың Өзбек қызметінің (Озодлик радиосы) тілшісіне "Сіздерге көп рахмет! Келіңіздер... Келіңіздер" деді. Өзбекстан тәуелсіздік алғаннан кейін Ташкентте Озодлик радиосының бюросы жұмыс істеген. Бірақ 2005 жылы Әндіжан оқиғаларынан кейін Өзбекстан билігі Ташкенттегі бюроны жапқан. (Озодлик видеосы.)

Дереккөз: Азаттық
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий