Елбасы грек-рим күресі жаттықтырушысы Вадим Псаревтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент спортшының жарқын бейнесі халқымыздың жадында әрдайым сақталатынын атап өтті.
Мемлекет басшысы грек-рим күресінің әйгілі жаттықтырушысы Вадим Александрович Псаревтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
«Вадим Александрович спорт саласында жарты ғасырдан астам уақыт қызмет еткен кезінде Валерий Резанцев, Жақсылық Үшкемпіров, Анатолий Назаренко және Владимир Бакулин сияқты Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің даңқты шоғырын тәрбиелеп шығарды. 2014 жылы әлемдік грек-рим күресін дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін FILA-ның Даңқ залына оның есімі жазылды», – делінген жеделхатта.
Соңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Вадим Псаревтің жарқын бейнесі халқымыздың жадында әрдайым сақталатынын атап өтті.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/