Екі айға қамалады: ЛГБТ жиынына кәмілет жасына толмаған балалар қатысқан

0

Шымкенттіктер ЛГБТ өкілдеріне қарсы шықты. «Феминита» ұйымының өкілдері қала жастарымен трансгендер әйелдердің құқығы жөнінде жиын өткізбек болған. Осы әрекеттері жергілікті белсенділерге ұнамай, басқасуды тоқтатуларын талап еткен. Істің насырға шапқаны соншалық құқық қорғау өкілдерінің араласуына тура келген.  Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабардайды.

Шымкенттегі Абай аудандық полиция басқармасына жиналған 100-ге жуық адамның талабы біреу ғана. Ол қалаға ескертусіз келіп, шенділерге ұсталып қалған ЛГБТ өкілдерін әділ жазалау. Ал, егер құқық қорғау өкілдерінің қолынан мұндай іс келмейтін болса, бір жыныстыларды өзімізге тапсырыңдар, дейді.

ӘБДІРАЗАҚ ӘБУҒАЛИ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Сол жерде 100 пайыз адамдар жиналған өздерінің топтарын насихаттауда. Бірақ сол жердегі жүрегіміздің қатты ауырып тұрғаны жамағаттың 30-40 бала ешқайсысы жиырмаға толмаған әлі. Міне куәгерсіңдер ма? Ия! Сол жиырмаға толмаған не болмаса менің ағамның қызы, не боламаса менің әкемінің туысқанының қарындасы деген сияқты».

ҒАЛЫМЖАН ҚҰРМАНБЕКҰЛЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Маған қатысы жоқ. Менің балам мен қызым үйде олар тәрбиелі демеңіздер. Олар біздің немеремізге келді негізі. Ертең шөберемізге. Осылай осылай түп тамырымызбен құрту үшін келді. Ойлаңыздаршы еркектен еркек, әйелден әйел ұрпақ туа ма?»

Полицейлердің әділ шешім шығаратынына күмәнмен қараймыз дегендер, ЛГБТ өкілдерін Шымкентке шақырып ашық сөйлесуге дайын екендерін жеткізді. Өзіміз үшін емес, болашақ ұрпағымызға зияны тиіп кете ме деп алаңдаушылық білдіргендер біразға дейін полиция басқармасының алдын тораулыдап, ұсталған белсенділерді шығаруды талап етті.

Деседе, жиналғандардың алдына қаланың бас полицейі шығып, қамауда отырған бір жыныстыларды заң жүзінде жазалаймыз деп ант-су ішті.

ЕРАЛЫ ЖҰМАХАМБЕТОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПД БАСТЫҒЫ:
«Айқайлап жұрттың дегбірін алмаңдар! Ол сіздерге бәрібір бермейміз. Заңды шешім қабылдаймыз. Болды заңды шешім қабылдаймыз».

Халық алдында тілшілерге дүйсенбі күні осы жағдай бойынша толық сұқбат береміз деген полиция департаментінің басшылығын сол күйі таппай қалдық. Тек қана, қажетті шаралар қабылданды, жағдай бақылауда деген жазбаша ақпарат берумен шектелді. Ал, қолға түскен ұйымның екі белсендісіне қатысты ең кем дегенді екі айға жуық тергеу амалдары жүргізіледі екен.