Димаш тағы да Америкада өнер көрсетеді

0

Бүгін Димаш Құдайбергеннің Америка Құрама Штаттарында 17 қаңтар күні басталатын жаңадан сайланған АҚШ президенті Джозеф Байденнің инаугурациясын тойлау апталығының ашылу салтанатына қатысатындығы хабарланды.

Дәстүр бойынша бұл іс-шараны Бауырлас қалалар ассоциациясы – «Sister Cities International» ұйымы өткізеді. АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джозеф Байден бұл ұйымның құрметті тең төрағасы болды. Сонымен қатар бұл іс-шараға дипломатиялық корпуста қатысады.

Коронавирус инфекциясы пандемиясына байланысты мереке 2021 жылдың 17 қаңтарында сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 6:00-ден 8:00-ге дейін) онлайн түрде өтеді.

Вашингтонда орналасқан «Sister Cities International» халықаралық үкіметтік емес ұйымының негізін 1953 жылы АҚШ-тың 34-президенті Дуайт Эйзенхауэр қалаған.

Сол кезден бері АҚШ президенттері Джон Ф. Кеннеди, үлкен Джордж Буш, Билл Клинтон, Барак Обама және Дональд Трамп бұл ұйымның құрметті тең төрағалары болды.

70-жылға жуық тарихында «Sister Cities International» АҚШ қалалары және оның 130-дан аса мемлекеттердегі бауырлас қалаларының өзара әрекеттесуіне байланысты көптеген іс-шараларды өткізді.

Осы жылы «Sister Cities International» сегіз мәрте «Грэмми» жүлдегері – аңызға айналған әнші Дайон Уорвикке ұзақ жылдар еткен еңбегі үшін марапат ұсынады. Сонымен қатар, Дайон Уорвиктің әлемге «The Weeknd» ретінде белгілі үш мәрте «Грэмми» жүлдегері Абель Тесфаймен бірлесіп жұмыс жасай бастағаны белгілі болды.

«Sister Cities International» ұйымының негізі қаланғалы және АҚШ пен Қазақстанның қарым-қатынасы тарихында алғаш рет жаңа сайланған АҚШ президентінің инаугурациясын тойлау апталығын ашушы іс-шараға қазақстандық әнші – Димаш Құдайберген қатысады.

«Sister Cities International» іс-шарасынан бір күн бұрын, 16 қаңтарда қазақстандық орындаушының «DIMASH DIGITAL SHOW» атты алғашқы онлайн-концерті өткізіледі.


Тегтер:Америка Құрама Штаттарыамерика құрама штаттары 50 штатамерика құрама штаттары мен ынтымақтастықамерика құрама штаттары слайдамерика құрама штаттары туралы қызықты мәліметтерамерика құрама штаттары тәуелсіздігі декларациясыамерика құрама штаттары қай жерде орналасқанамерика құрама штаттары қысқарған түріамерика құрама штаттарындағы конгресс кітапханасыамерика құрама штаттарының конгресс кітапханасыАҚШдимаш адилетдимаш аренадимаш кудайбергендимаш кудайберген биографиядимаш кудайберген песнидимаш кудайбергеновдимаш лебедидимаш песнидимаш песни скачатьДимаш Құдайбергендимаш құдайберген биографиядимаш құдайберген руыдимаш құдайберген сұхбатдимаш құдайберген эсседимаш құдайберген ұмытылмас күндимаш құдайберген ұмытылмас күн скачатьдимаш құдайберген әндерідимаш құдайберген әндері скачатьдимаш құдайбергенге хат