Былтыр пандемия кезінде бір имам күніне 4 жаназа шығарып жүрді — имам

0

Бұл пікірді «Азаттық рухы» сайтына Алматының бұрынғы бас имамы Еркінбек Шоқай айтты.

«Жаназа шығаруға шақыру өте көп болды, бір имам күніне 4 жаназа оқуға барған кездері болды. Өлімге баруға үлгермей, адам таппай қиналған, діни қызметерлердің бір-біріне өтініш айтқан кездері аз болмады. Өйтені имамдардың арасында коронавируспен ауырып қалғандары болды. 7-8 адамға хабарласып, арасынан бір имамды әрең шығарған кездеріміз болды. Қаза көбейді.

Менің өзім де сол өткен жылдың жазында ауырып жаттым. Жасы үлкен имамадар вирустан қорқып жаназадан бас тартты. Бірақ о дүниеге мезгілсіз кетіп қалған мұсылман баласы жазанасыз шықпады.

Пандемияның кесірінен мешіттер жабық болды да, садақа да, қайырымдылық жарналар да тоқтады. Кейбір мешіттер тіптен коммуналлық қызмет ақысын төлей алмай, кәсіпкерлерге өтініш жасаған кездер көп болды» дейді имам.

Сонымен бірге имам «Дәл қазір Қазақстанда, елімізде діни көшбасшы жоқ» деген пікір айтты.

Қазір Қазақстанда 2700-ден астам мешіт, 5 мыңнан астам имам, 500 қари бар.