Танымал актер Азамат Сатыбалды әлеуметтік желідегі парақшасында ажырасу мен сезім жайлы ой қозғайтын жазба жариялады. Өнер иесінің бұл сөзі көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды kznews.kz.
Актер жазбасында бір-бірін шын сүйген адамдардың уақыт өте келе не себепті алыстап, тіпті бір-біріне деген өшпенділікке дейін жетуі мүмкін екеніне сауал қойған.
Ол махаббаттың шынайылығына күмән келтіретіндей жағдайдың қалай орын алатынын түсінуге тырысқан.
«Біз осы неге ажырастық? Бір-бірімізді шын сүйдік қой. Шын сүйсек, неге қазір өлердей жек көреміз? Сонда сезім алдамшы болғаны ма? Жақсы көріп тұрып жек көруге бола ма? Олай болуы мүмкін емес қой», – деп жазды Азамат Сатыбалды.
Актер одан әрі екі адамның арасындағы түсініксіз алшақтықты «сұр тұманға» теңеп, сезімнің суып кетуіне адам бойындағы пенделік қасиеттер мен қателіктер себеп болуы мүмкін екенін ишара етті.
«Сен және Мен… Арамызда сұр тұман. Сұр тұманның бұғауында бұлқынам. Сені менен, мені сенен суытар, пенделік іс, бір кінәң мен бір күнәм…» – деп жалғастырды ол.
Өнер иесінің бұл жазбасы оның жеке өміріне қатысты түрлі болжамның тууына себеп болды. Дегенмен Азамат Сатыбалды жазбасында нақты кім туралы айтып отырғанын немесе бұл сөздердің жеке басынан өткен оқиғаға қатысты екенін ашып айтқан жоқ.
Актердің оқырмандары оның жазбасынан түрлі мағына іздеп, ажырасу, сезім және адам арасындағы қарым-қатынас туралы пікірлерін білдірді.