Ертісбаев үлкен саясаттан кететінін мәлімдеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

ШҚО-да ер адам кәмелетке толмаған қызын зорлаған

ШҚО-да ер адам кәмелетке толмаған қызын зорлаған
Фото: Видеодан скрин

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында кәмелетке толмаған қызына жыныстық зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен ер адамға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Бейресми ақпарат бойынша, заңға қайшы әрекеттер бірнеше жыл бойы жалғасқан болуы мүмкін. Болжам бойынша, оқиға қыз шамамен алты жаста болған кезде басталған. Қазір ол 13-14 жаста.

Күдікті шілде айының басында ұсталған. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, полиция қызметкерлері ер адамды жұмыс орнында ұстаған.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын растады.

– Кәмелетке толмаған адамға қатысты зорлау дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті сот сараптамалары тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады ведомстводан.

Құқық қорғау органдары ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу деректерінің жария етілмеуіне байланысты өзге ақпаратты ашпады.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.