Продюсер Гүлзира Айдарбекова өмірден өткен ағасының жетісін өткізді, деп хабарлайды kznews.kz.
Өнер иесінің анасы мұны әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, бауырынан айырылудың ауыр тиіп жатқанын жасырмады. Продюсер қайғысын басуға тырысқанымен, ішкі мұңы тарқамай тұрғанын жеткізді.
“Мұздай бассейнге де түстім, мұздай салқын су да іштім. Бәрібір ішім өртеніп барады. Бауырым, ағатайым... Бүгін улап-шулап, жылап-сықтап жетісін өткіздік”, – деп жазды ол.
Сондай-ақ продюсер марқұм ағасының рухына дұға бағыштап, жетісіне келген туған-туыс пен жақындарына ризашылығын білдірді.
“Жаның жәннатта болсын, бауырым Сәбитім. Әрбір дұға етіп келген ағайын, құда-жегжаттардың дұғасы қабыл болып, Алла біліп-білмей жасаған күнәларын кешіп, жанын жұмақтық етсін”, – деді Гүлзира Айдарбекова.
Жазбаға пікір қалдырған оқырмандар да продюсердің қайғысына ортақтасып, отбасына сабыр тіледі.
Айта кетейік, 19 тамызда продюсер ағасының өмірден өткенін жеткізген еді. Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, ағасы ұзақ уақыт бойы аурумен күресіп, төсек тартып жатқан. Марқұмда бауыр циррозынан бөлек, бауыры мен жүрегінде тромб бар екені анықталған.