Ертісбаев үлкен саясаттан кететінін мәлімдеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Абай облысында 20 жастағы қыздың өлімі бойынша күдікті ұсталды

Абай облысында 20 жастағы қыздың өлімі бойынша күдікті ұсталды
Фото: ашық дереккөз

Абай облысы Бородулиха ауданында полиция 20 жастағы қыздың өлімі бойынша күдіктіні ұстады, деп хабарлайды kznews.kz.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Бородулиха ауылында болған. 

— 20 жастағы тұрғынының қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр. Танысу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс қылмыстық-процестік заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жолданады, — делінген ақпаратта.

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, қыз пышақ жарақатынан көз жұмған.

Еске салсақ, осыған дейін Астанада 20 жыл бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысы әшкереленгені хабарланған.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.