Цифрландыру циклі: елдегі шағын және орта бизнес көш басында
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Жаным» деп жүргендер жаныңды алған»: Мөлдір Мұқанованың жаңа әні елді жылатты (ВИДЕО)

«Жаным» деп жүргендер жаныңды алған»: Мөлдір Мұқанованың жаңа әні елді жылатты (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Белгілі әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқанова тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнап «Солған гүл» әнін шығарды, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі туындысын қоғамда зорлық-зомбылыққа қатысты ауыр оқиғалар жиілеген тұста жұбаныш ретінде ұсынғанын айтты. Ол әнді біреудің қайғысын хайпқа айналдыру мақсатында шығармағанын атап өтті.

«Менің бұл жазбам – біреудің өмірінен хайп табу немесе біреудің өліміне айып тағу емес. Мен жылағанда ел жұбатты, ел жылағанда мен жұбатпаймын ба?

Мақсат керіс те, жеңіс те емес. Жанымның ауырып, жүрегімнің сыздап отырғаны - ана баласыз қалды, сәби анасыз қалды, бір жүректің соғуы тиылды, бір гүлдің тамыры қиылды…

Ана жүректегі жарақатты ешкім өшіре алмайды, солған гүлді ешкім қайта өсіре алмайды, қоғам қатігездікті кешіре алмайды…», – деп жазды ол.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.