Белгілі саясаткер, бұрынғы Президент кеңесшісі әрі Қазақстанның бірқатар елдердегі бұрынғы елшісі болған Ермұхамет Ертісбаев белсенді саясаттан кететінін мәлімдеді.
Ертісбаев ұзақ жылдар бойы Қазақстанның саяси өмірінде түрлі қызмет атқарып келген тұлға. Ол 2000-жылдардың басында экс-Президент Назарбаевтың кеңесшісі және баспасөз хатшысы болды. Ақпарат министрі қызметін де атқарады. Кейін Қазақстанның Грузиядағы, сондай-ақ Кубадағы елшісі қызметін атқарды.
Саясаткер соңғы жылдары Қазақстанның Халық партиясын басқарды. Оның төрағалығы кезінде партия солшыл-социалистік бағытты ұстанып, әлеуметтік әділеттілік, халықтың әл-ауқатын арттыру және мемлекеттің экономикадағы рөлін күшейту мәселелерін көтерді.
Алайда, 23 - тамызда өткен Құрылтай сайлауында Халық партиясы 5 пайыздық сайлау шегінен өте алмады. Партия 3,11 пайыз дауыс жинады.
Осыдан кейін Ермұхамет Ертісбаев белсенді саясаттағы жолын аяқтайтынын жариялады.
- Мен белсенді саясаттан кетемін. Бұл кезең аяқталды деп есептеймін, – деді ол видеоүндеуінде.
Ертісбаевтың пікірінше, партия ұсынған қазақстандық социализм идеясы қоғамнан қажетті қолдау таппаған. Ол мұны партияның өз ұстанымдарын сайлаушыға жеткілікті деңгейде түсіндіре алмауымен байланыстырады.
Енді саясаткер халықаралық сараптама, тарих және ағартушылық бағыттағы жұмыстарға ден қоймақ.
Осылайша Ертісбаевтың саясаттан кетуі Халық партиясының Құрылтай сайлауындағы жеңілісімен тұспа-тұс келіп отыр.