Цифрландыру циклі: елдегі шағын және орта бизнес көш басында
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

31 мың көрермен, 7 мың турист: Қазақстандағы Канье Уэст концерті 5 млрд теңге әкелді

31 мың көрермен, 7 мың турист: Қазақстандағы Канье Уэст концерті 5 млрд теңге әкелді
фото: ашық дереккөз

Қала туризм басқармасының мәліметінше, концертті тамашалау үшін Алматыға 50-ден астам елден шамамен 7,7 мың турист келген, деп хабарлайды kznews.kz.

15 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда өткен америкалық рэпер YE (Канье Уэст) концертіне 31 мыңға жуық көрермен жиналды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Қала туризм басқармасының мәліметінше, концертті тамашалау үшін Алматыға 50-ден астам елден шамамен 7,7 мың турист келген.

Оның 2 мыңға жуығы Қазақстанға арнайы концерт үшін келген шетелдік жанкүйерлер. Концерт өткен 13-16 тамыз аралығында Алматыдағы қонақүйлер мен басқа да орналастыру орындарының орташа жүктемесі 98 пайызға жеткен.

Ведомствоның бағалауынша, шетелдік және ішкі туристер ағыны қала экономикасына шамамен 5 млрд теңге көлемінде әсер еткен.

«YE концерті Алматының туризм саласындағы биылғы маңызды оқиғалардың біріне айналды. Халықаралық деңгейдегі мұндай шаралар қалаға турист тартумен қатар, қонақүй бизнесі мен басқа да қызмет көрсету салаларының белсенділігін арттырады. Бұл Алматының ірі халықаралық жобаларды өткізуге мүмкіндігі жоғары екенін көрсетті», – деді туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.