БҚО-да полиция қызметкері пара алу кезінде ұсталды


Астана, BAQ.KZ тілшісі. Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары 100 000 теңге көлеміндегі параны алу кезінде ұсталды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлім етті.
«18-қарашада қылмыстық істі қысқарту үшін 100 000 теңге сомасындағы параны алу кезінде Тасқала аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталды. Кінәсін толық мойындауына байланысты ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 128-бабына сәйкес күдіктіні ұстау қолданылмады», — деді ресми өкіл.
Аталған факті бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы (пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ