Бозымбаевтың жаңа орынбасары: Мен міндеттерімді абыроймен атқаруым керек
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Жаңадан тағайындалған ҚР Энергетика вице-министрі Сәбит Нұрлыбай өзінің қызметі жайлы айтып берді.
Журналистер Сенат кулуарында Сәбит Нұрлыбайдан «Энергетика министрінің орынбасарлары ұсталғаннан кейін сол ведомствода жұмыс істеуден қорықпайсыз ба?» деп сұрады.
«Егер Мемлекет басшысы мен Үкімет басшысы маған тапсырып, сенім артса, мен барлық функционалдық міндеттерді абыроймен атқаруым керек. Мен Отанымның патриотымын», — деп жауап берді Сәбит Нұрлыбай.
Вице-министр Үкімет қаулысымен тағайындалғанын айтты. Сондай-ақ, ол жақында тұтқындалған Энергетика министрінің орынбасары Анатолий Шкарупамен етене жұмыс істемегенін, оны жиналыстарда ғана көргенін жеткізді.
Атап өтсек, жуырда Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа қаржы жымқырғаны үшін тұтқындалған болатын. Бұған дейін Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиев те сыбайлас жемқорлық фактісімен ұсталған еді. Үшеуі де 2018 жылы құрықталды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ