Басына оқ тиген: Қырғызстанда қазақстандық студент өлі табылды — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
Қазақстандық студент Бішкек маңынан өлі табылды. 25 жастағы Атанух Шерманов басынан оқ жарақатын алған күйінде табылды. Оның қолында тапанша болған. Қазіргі уақытта терегушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.
Медициналық жоғары оқу орнының студентінің денесін құрылысшылар өзінің көлігінің ішінен тапқан. Олар бірден полиция шақырыпты. Тергеушілер тексеру барысында көлік салонынан арақтың бос шөлмегін тапқан. Жас жігіт оны өлімінен бұрын сатып алған көрінеді.
Оқиға байланысты жасалып отырған нұсқалардың бірі – суицид. Алайда студенттің әкесі мұндай нұсқаны жоққа шығарып отыр. Айтуынша, ұлы үйленгелі жүрген және ешқашан ішімдік ішпеген екен.
«Қазіргі уақытта милиция қызметкерлері шұғыл-тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Барлық нұсқа қарастырылуда. Сотқа дейінгі өндіріс жалғасуда. Денесі отанына жіберілген жоқ. Оны осында тұрып жатқан туыстарына тапсырды. Туыстары мүрдесін алып кетті», — деп хабарлайды Қырғызстанның Шу облысының ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінің аға инспекторы Нұргүл Нүсіпова.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz