Атырауда 5-ші қабаттан құлаған бала ғажайыптың күшімен аман қалды - новости Казахстана
31.01.2019
09:08
0
0

Атырау қаласында 5-ші қабаттан құлаған 4 жастағы бала ғажайыптың күшімен аман қалды деп хабарлайды "Мой город" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
"27 қаңтар күні 21:00-де Атырау облыстық көпсалалы балалар ауруханасына денесінің бірнеше жерінен жарақат алған 4 жастағы бала жеткізілді. Дәрігерлер балаға бас-ми жарақатын алып, жамбас сүйегі мен иығының сүйектері сынғаны туралы диагноз қойды», – деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Ақхалаттылар қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты екенін айтты.
Оны жансақтау бөліміне ауыстырған.
Дереккөз: kaz.nur.kz
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ