Астанада өрттен көз жұмған бес қыздың жерлеу рәсімі қай жерде өтеді? - новости Казахстана
05.02.2019
12:50
0
0

Астана қаласының әкімдігі өрттен көз жұмған бес баланың соңғы сапарға шығырып салу күнін айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

фото: NUR.KZ
Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бес қыз баланы жерлеу рәсімі мен жаназа асы 5 ақпан күні Тілендиев көшесі 29/1-де орналасқан "Көктал" мейрамханасында өтеді.
Еске сала кетсек, 4 ақпанда Астанадағы аудандардың бірінде кенеттен шыққан өрттен бес бала қаза тапты. Оқиға болған сәтте олардың ата-аналары үйде болмаған.
Қала әкімі сол түні болған жағдайдың мән-жайын анықтап,тексеру жүргізуді тапсырды.
Ал Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жапа шеккен жанұяға үйдегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылғаны ескертілген.
Дереккөз: kaz.nur.kz
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ