ка

Алматының тергеу абақтысында электронды кезек пайда болады

14.11.2018 13:01
0
3
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

8 0 0

Заманға сай бақылау-өткізу пункті келушілердің күту уақытын үш есе қысқартуы тиіс

АЛМАТЫ, 14 қараша — Sputnik.  Алматының тергеу абақтысына келушілер енді "билетпен" кіреді. Электронды кезекпен жұмыс істейтін заманауи бақылау пункті ашылатыны туралы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) баспасөз қызметі хабарлады.

"ЛА-155/18 мекемесінде бір терезе қағидаты негізінде заманауи бақылау бекетін салу басымдықтардың бірі саналады, бұл келушілерге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді", — деп хабарлады ҚАЖД баспасөз қызметі.

Департаменттің мәліметінше, жаңа бақылау-өткізу пункті іске қосылғаннан кейін келушілер бірнеше бақылау пунктінен өтпейді, олар енді үш есе аз күтеді – орташа уақыт бір сағаттан 20 минутқа дейін қысқарады.

Жаңа құрылыс осы жылдың желтоқсан айының ортасына дейін салынып бітуі тиіс. Жоба Алматы прокуратурасы мен қала әкімдігі тарапынан қолдау тапты.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий