ка

24 қазан күнгі ауа райы болжамы

24.10.2020 10:28
0
0
Сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
24 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады. Әсіресе солтүстік-батысында қатты жауын-шашын болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел екпіні күндіз 25 м/с дейін күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Жаяу бұрқасын соғады, күндіз жел қарқыны - 15-20 м/с. Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Жаяу бұрқасын көтеріледі. Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, желдің күші - 15-20 м/с. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді, түнде және таңертең – көктайғақ. Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде көктайғақ болады, күндіз жел қарқыны - 18 м/с. Жамбыл, Павлодар, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Павлодар облысында – көктайғақ. Түнде Қызылорда облысында 1-6 градус үсік жүреді.
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий