Say Mо: Әкемді алғаш көргенде «Бізді тастап кеткеніңе рахмет» деп айттым
24 жастағы танымал қазақстандық әнші, рэпер көпшілікке «Say Mo» лақап атымен танымал Мөлдір Есембек Youtube желісіндегі «Мискузи боул» бағдарламасына сұхбат беріп, эксклюзивті жаңалықтарымен бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz сайты.
Мөлдірдің айтуы бойынша, 24 жасында, туған күнінде алғаш рет әкесі телефон соғып, кездесуін сұраған екен. Әкесімен кездескенде қатты құшақтап, осы өмірде барына қуанған әнші:
«Әкемді алғаш көргенде бізді тастап кеткеніңе рахмет. Егер сен болғанда, Say Mo болмайтын еді. Мөлдір есімді ерке, қолында бәрі бар қыз ғана болатын еді. Бүгінгі күніме жету үшін барлығын көрдім. Аштықты да, қиыншылықты да, еш өкінбеймін» -дейді.
Өзінен бөлек, әкесінен туған 16 аға-әпкелері бар екенін естіген, Мөлдір, әкесінің ауқатты адам екенін де жасырмады.
Сұхбат кезінде Мөлдір әкесінен туған сіңілісімен қалай танысқанын және өгей шешесімен де жақсы қарым-қатынаста екенін айта кетті.
Былтыр Шәріп Серік есімді блогер, актерге тұрмысқа шыққан Мөлдір, аз уақытта неге ажырасып кеткені туралы шындықты айтады. Енесімен сыйыса алмаған, Мөлдір, қазір ол кісіге алғыс айтады
«Біз де Шакентимен басынан бәрі дұрыс болмады. Көп жанжалдасатын едік. Шәріптің анасы біздің қарым-қатынасымызға нүкте қойды. Сол үшін де рахмет айтам. Әйтпесе, мен бәрін кешіріп, көніп жүре беретін едім».
Естеріңізге сала кетейік, Say Mo алғаш 2019 жылы ресейдің ТНТ арнасындағы «Песни» жобасы арқылы танылды. Жобадан кейін Мөлдір Қазақстандағы ең танымал әншілердің біріне айналды.