Қытай Пекинге оралғандарды 14 күн карантинде болуға міндеттеді

0

Пекинге оралған адамдар міндетті түрде 14 күн карантинде болады. Коронавирустан көз жұмғандар саны 1500-ден асқан шақта Қытай билігі шектеу шараларын күшейтті.

Beijing Daily ресми басылымының жазуынша, карантин туралы ережеге бағынбаған адамдар жазаланады. Бірақ биліктің адамдарды карантинге қалай міндеттейтіні түсініксіз. Пекинде тұрақты түрде тұрмайтын немесе шетелден келген азаматтарға шараның қатысы бар ма, жоқ па, ол жағы да белгісіз.

“Бүгіннен бастап Пекинге оралған барлық азаматтар үйде немесе көппен бірге 14 күн бақылауда болуы тиіс. Бақылау шарасынан бас тартқандар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады” деген вируспен күрес жөніндегі жұмыс тобының өкілі.

Соңғы дерек бойынша, Қытайда вирустан көз жұмғандар саны 1523-ке жетті. Бір тәулік ішінде 143 адам қайтыс болған, 2 641 адамға вирус жұққан. Желтоқсан айынан бері вирусты жұқтырғандар саны 66 492-ге жетті.

Қытай билігінің айтуынша, кемінде 1716 медициналық қызметкерге вирус жұққан және кемінде алтауы көз жұмған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 деп атаған вирус әлем бойынша 67 мыңнан астам адамнан табылған.

Адам өлімінің басым бөлігі Қытайда тіркелген. Қытайдан тыс Гонконг, Жапония, Филиппинде адам өлімі болды.

Вирус ошағы деп танылған Хубэй провинциясында ірі қалалар жабылып, көлік қозғалысы, қоғамдық шаралар тоқтады. Мұнда шамамен 60 миллионнан астам халық тұрады.

Халықаралық олимпиада комитеті бес айдан кейін Токиода басталатын олимпиада ойындары уақытында өтетінін айтады. Олардың айтуынша, әлем спортындағы ең ірі оқиғаны кейінге қалдыруға әзірге негіз жоқ.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз